Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезінде табысынан айрылған азаматтарға тағайындалатын 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмек 2,7 млн-нан астам қазақстандыққа екінші рет берілгенін хабарлады. Бұл - 13 мамырдағы жағдай бойынша көрсеткіш, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.
Бұған дейін хабарлағандай, төлемді есептеу үшін алғашқы ай ретінде 16 наурыздан бастап 15 сәуір аралығы алынды. Ал, екінші ай 16 сәуірден бастап 11 мамырға дейін, яғни төтенше жағдай режимі аяқталған уақытқа .
Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер тағайындау ережесінде көрсетілген шарттарды сақтай отырып, «42 500 теңге» төлемге екінші айда үміткер бола алады. 16 сәуірден бастап 11 мамыр күні сағат 18.00-ге дейін өтініш берген азаматтар бір рет төлем алуға үміткер бола алады.
Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай режимінің тоқтатылуына байланысты 11 мамырда сағат 18.00-ден бастап «42 500 теңге» төлемін тағайындауға жаңа өтініштерді қабылдау аяқталды.
Жоғарыда көрсетілген мерзімге дейін келіп түскен барлық өтініштер белгіленген тәртіппен қаралатын болады және өтініш төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлемдер тағайындау қағидаларында көрсетілген шарттарға сәйкес келген жағдайда «42 500 теңге» әлеуметтік төлем тағайындалады және төленеді.
42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем енгізілген сәттен бастап оны Қазақстанда 4,5 млн адам алды.

Просмотров материала: 0