Түркістан облысының тұрғыны ақшасын қаржы пирамидасына салып жіберіп, ісін жасыру үшін ұрлық болды деп полицейлерге жалған ақпарат берген тұрғынның ісі әшкереленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын әйел арызданып, үйінен белгісіз адамдар ірі көлемде ақша ұрлағанын жеткізген.
Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, үй ұрылары оның пәтеріне кіріп, сандықтан миллион теңгесін ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Аталған жайт Сайрам аудаднық полиция бөлімшесінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша тіркеліп, полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Қылмыс орнын мұқият қарау барысында, жедел уәкілдер бөтен адамдардың қатысуының айқын іздерін таппады және ұрлықты отбасы жақындарының бірі жасауы мүмкін деген болжамға келді.
"Полиция қызметкерлері үй тұрғындарын, көршілерден жауап алғаннан кейін, нәтижесінде аталмыш ұрлыққа жәбірленушінің өзі қатысты болып шықты. Тергеу барысында әйел өз ақшасының жоғалуын жасыру үшін ұрлық жасалды деп жалған ақпарат берген. Анықталғандай, күдікті күйеуінен жасырын түрде қаржы пирамидаларының біріне миллион теңге салған.
Бірақ содан кейін БАҚ арқылы және әлеуметтік желілерден, ол мекеменің жабылғанын білген және ол ештеңесіз қалған. Күйеуінен ақша жоғалуын жасыру үшін әйел ұрлық қылмысы болды деп, полицияны шақырып, жалған ақпарат берген. Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы (көрінеу жалған ақпарат жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қолхатпен босатылды. Жиналған материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады. Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға керемет ұтыстар ұсынатын аферистердің қақпанына түспеу үшін кез келген осындай сенімсіз ақпараттарға қызықпауға кеңес береді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, мұндай оқиғалар ауыр қылмыстарды ашуға және қауіпті қылмыскерлерді ұстауға бағытталуы мүмкін полицияның айтарлықтай күші мен құралдарын алаңдатады. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада “102” телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.

Просмотров материала: 0