Букмекерлік кеңселерге тек спорттық оқиғаларға ставкалар қабылдау міндеті белгіленеді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында тиісті заң жобасын талқылау кезінде Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бәс тігуге қатысушылардың деректер қоры жалпыға бірдей декларациялауды енгізуге, бәс тігуге қатысатын клиентті шектеу және клиенттің өзін-өзі шектеу рәсімін енгізуге ықпал ететін болады, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі шараларды күшейтеді», - деді А. Райымқұлова.
Сонымен қатар ол тек спорттық оқиғаларға ставкалар қабылдау міндетін белгілеу ұсынылғанын айтты.
«Оқиғаның нәтижесіндегі ашықтықты және ойыншылардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында букмекерлік кеңселерге тек спорттық оқиғаларға ставкалар қабылдау міндетін белгілеу ұсынылады», - деді ведомство басшысы.
Айта кетейік, жекелеген букмекерлік кеңселер виртуалды футбол, хоккей, баскетбол, теннис, автожарыс және компьютер көмегімен пайда болатын басқа да виртуалды оқиғаларға ставкаларды қабылдайды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, букмекерлік кеңселерде бәс тігуге қатысудан шектеу тетігін іске асыру үшін ставкаларды есепке алу орталығын құру жоспарланып отыр.

Просмотров материала: 0