Атырауда коронавирус жұқтырған 2 әйел дені сау сәби босанды

2020-05-13 09:00:48
Атырауда коронавирус жұқтырған 2 әйел дені сау сәби босанды
Атырауда COVID-19 вирусын жұқтырған екі әйел босанды. Екеуінің де баласы дін-аман. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады AzattyqRuhy.kz.

Сәбилер дүниеге 12 мамырда келген. Вирус жұқтырып ауырып жатқан әйелдерді босандырып алу үшін облыстық перинаталдық орталықтың ең білікті мамандар тобы мен облыстық аурухананың хирургы және анестезиологы жұмылдырылған.

29 жастағы әйел қыз бала босанды, сәбидің салмағы 3,620 кг, бойы 53 км. Ал, 24 жастағы жас ана салмағы 4,270 кг ұл баланы дүниеге алып келді.

Атырауда коронавирус жұқтырған 2 әйел дені сау сәби босанды


Сәбилерден COVID-19 вирусына анализ алынған. Оның нәтижесі алдағы бірер күнде белгілі болады.

«Жүкті әйелдер инфекциялық стационарға жатқызылған болатын. Екеуінің де жүктілік мерзімі 38 апта еді. олардан коронавирус анықталғанымен, ауруы симптомсыз өтті. Екеуі де әлі ем алуды жалғастырып жатыр», - деді Атырау облыстық №2 аурухана директорының орынбасары Надя Ерғалиева.

Балалар дүниеге келісімен аналарынан бөлек палатаға жатқызылған. Жағдайлары жақсы, дәрігерлердің бақылауында.
Просмотров материала: 0