Алматыда 68 жастағы кейуана мүгедек қызымен және кішкентай 4 немересімен жерасты паркингіндегі кішкентай дүңгіршекте өмір сүріп жатыр деп хабарлады «Астана» телеарнасы.
Дариға Қасымова төрт жыл бұрын алаяққа алданып, басындағы баспанасынан айрылып қалған. Аталған паркингке күзетші болып жұмысқа орналасып, иесінен дүңгіршекте отбасымен өмір сүре беруге рұқсат алыпты.
4 жыл бұрын зейнеткердің сеніміне кірген алаяқ оның құжаттарын банкке беріп, несиеге ақша алған екен. Несие жабылмағаннан кейін сот үйді банктің меншігіне беру туралы шешім шығарған.
«Менің білуімше, алаяқ әйел менен басқа тағы 69 адамды алдап кетіпті. Қазір ол түрмеде отыр. Ал, мен баспанасыз қалдым. Таныстарым арқылы осы паркингке күзетші керек екенін біліп, қожайынымен сөйлестім, мені зейнеткер болғаныма қарамастан жұмысқа алды. Кейін осында өмір сүруге рұқсат сұрадым, оған да көнді. Міне, бір жылдан бері осында тұрып келе жатырмыз», - деді зейнеткер.
Паркингте не су, не жылу жоқ. Көктем келгелі өміріміз сәл де болса жеңілдеді дейді Дариға апа. Күн жылынғандықтан балалар күні бойы аулада ойнайды. Зейнеткер әкімдіктен үй сұрап, талай рет шенділердің алдына барыпты. Алайда, олардан қайыр болған жоқ дейді ол.
«Мен Медеу ауданында тіркеуде тұрмын. Олар бізге күтіңдер, дәл қазір беретін үй жоқ деп айтты. Не істейміз енді, амал жоқ, күтеміз. Пәтер жалдауға ақша жоқ. Өзім амалдап шыдаймын ғой, бірақ мына балаларды уайымдаймын, жел уілдеп тұр, ауырып қалуы мүмкін», - деді Дариға Қасымова.
Зейнеткер мен оның немерелеріне Әуезов аудандық әкімдігінің өкілдері көмектесеміз деп отыр. Паркинг осы ауданның аумағында орналасқан.
«Комиссия барып, барлығын өз көзімен көреді. Ары қарай қолымыздан келгенше көмектесеміз», - деп қысқа қайырды шенділер.
Әкімдіктегілер «ақылдасамыз» деп жүргенде паркингтің шатырынан су ағып жатыр. Биліктен көмек келгенше бір отбасының алты адамы 6 шаршы метр жерде өмір сүре бермек.

Просмотров материала: 0