Алматы облысында карантин режимі мамыр айының соңына дейін жалғасады

Поделиться:
Алматы облысында карантиндік режим мамыр айының соңына дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

«Бүгін Алматы облысы әкімінің тапсырмасымен аудан және қала ішіндегі посттар алынып тасталды. Бірақ, аудан және облыс шекераларындағы блокпосттар жұмысын жалғастырады. Алматы облысында карантиндік режим мамыр айының соңына дейін жалғасады», - деп жазды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің өкілі Ғалымұрат Жүкел Facebook- тегі парақшасында.

Айта кетейік, Алматы облыстық бас санитарлық дәрігердің қаулысымен карантин режимі кезең-кезеңмен жеңілдетілуде. Қазір облыста жалпы аумағы 500 шаршы метрге дейін болатын азық-түліктік емес дүкендер өз жұмыстарын қайта бастады. Сондай-ақ Талдықорғандағы әуежай да іске қосылды. Сонымен қатар, көлік жуу, көлік жөндейтін орындардың жұмысы қайта жанданды.

Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также