Елімізде 42 500 теңгелік төлемді беру тәртібіне өзгеріс енгізілді. Тиісті бұйрық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұйрыққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қол қойған.
Оған сәйкес 42 500 теңгелік төлем акциялары және жарғылық капиталындағы үлестері тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлеріне берілмейді.
Толығырақ айтқанда 42 500 теңгелік әлеуметтік төлем төмендегі санаттағы азаматтарға берілмейді:
1. БЖТ төлеушілерді қоспағанда, төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ адамдарға;
2. Өтініш берген күніне дейін дейін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ БЖТ төлеушілерге;
3. Төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ АҚС шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғаларға;
4. Еңбек немесе кәсіпкерлік қызметті (оның ішінде қашықтықтан) жалғастырған немесе ақылы еңбек демалысы берілген немесе жұмыс орындарының бірінде тоқтап тұру болған жағдайда, кәсіпкерлік қызметті қоса алғанда, екі немесе одан да көп жұмысты қоса атқаратын адамдарға;
5. Егер бір мезгілде республикалық бюджеттен немесе қордан төленетін ай сайынғы зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылса, төтенше жағдай енгізілгеннен кейін БЖТ-ны алғаш рет төлеген адамдарға;
6. Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты ішкі істер органдарында тіркеуден шығарылған адамдарға;
7. Толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі адамдарға. Төлемдерді жүзеге асыру үшін банк және банк шотының нөмірі туралы мәліметтер автоматтандырылған режимде бұдан бұрын қалыптастырылған ІЭМ-ге енгізіледі. ІЭМ-ді көрсетілген мәліметтермен толықтыру туралы ақпарат автоматты түрде қордың филиалы мен Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.

Просмотров материала: 0