Қостанайлық Ақгүл 10 айлық баласының өліміне дәрігерлерді айыптады.
1 қарашада ол баласымен бірге Қостанай қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне түскен, себебі ұлы аздап ентігетін болған. Балаға уколдар берілді, бірақ түнде оның жағдайы нашарлады.
«Ол тамақ ішпеді, ұйықтаған жоқ және үнемі жылайды. Ол бірдеңені жұтып қойған болуы мүмкін деді, сондықтан оны сибазонға қойды. Бала осыдан кейін әлсіреп қалды. Олар рентгенге түсірді. Бір жақты бронхопневмония диагнозы қойылды. Сағат 11:00-де дәрігерлер кенеттен келіп, «реанимацияға жатқызамыз» деді. Бірақ не үшін екенін айтпады, тек тыныс алуына профилактика үшін деп түсіндірді» – деді ана.
Әйел баласын содан кейін көрмеген екен. Сүтін сауып, ұлына беріп жіберіпті. Ал жансақтау бөліміне кіруге рұқсат бергенде, дәрігер баланың шетінеп кеткенін хабарлады.
«Мен қатты шок болдым, жылап, айқайладым. Полиция мен күйеуімді шақырдым. Ойнап, еңбектеп жүрген сау баламды ауруханаға алып келіп едім, енді мәйітін алып кеттім. 3 күн және 2 түн ұйықтамай, жағдайы нашарлап кетті, 2 сағат реанимацияда болды» – деді Ақгүл.
Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы аталған факті бойынша ішкі аудит жүргізіліп жатқанын хабарлады.
“Оқиға бойынша сот-медициналық сараптама жүргізіледі, сараптама нәтижелері мен медициналық фармацевтикалық қызметтің сапасын бақылау комитетінің қорытындысы ұсынылады», – деп хабарлады ведомстводан.
Облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері баланың әжесі баланы қарқынды терапия жүргізетін жансақтау бөліміне ауыстыруға қарсы болғанын айтты. Сөзінше, ол антибиотикалық терапиядан бас тартты.
«Әжесінің жалғыз сұрағаны – Ospamox-ты тағайындау, бірақ бұл – амбулаториялық дәрі, сироп түріндегі антибиотик, оның әсері әлсіз және екі жақты бронхопневмонияға көмектесе алмайды», – деді Қостанай облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрлан Ержанов.
Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы ауыр болған кезде ол жансақтау бөліміне ауыстырылды және сол жерде мерт болды.
Полицейлер 10 айлық сәбидің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта өлімнің себебін анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.