Шудағы ерекше тренд: қала билігі халыққа тойды тек күндіз өткізуді ұсынды

2024-11-12 14:27:47

ТОЙЫҢЫЗ ЕРТЕ БАСТАЛСА…

Шу қалалық Жастар орталығы әлеуметтік желідегі парақшасында күндіз той өткізген отбасыға қала билігі кір мәшіне сыйлаған видео жарияланды. 9 қарашада бір баланың тұсаукесерін күндіз өткізгені үшін қала басшысының орынбасары Болатжан Төлендиев арнайы той иелеріне барып, сйлық тарту еткен.

– Тойды ерте бастап, ерте бітіріп, осыны дәстүрге айналдырсақ, – дейді Төлендиев.

Жастар орталығы тойдың ерте басталуы, сондай-ақ ерте аяқталуы күн тәртібіндегі өзектегі мәселе ретінде қаралып, төрт тарапты меморандумға қол қойылғанын хабарлайды. Сол мақсатта Шу қаласындағы мейрамханаларды аралап ең ерте басталған тойға барып, той иесіне арнайы сыйлық табысталған. Шу қаласы әкімінің орынбасары Төлендиев Болатжан Бақытұлы арнайы құттықтауын сөзін айтып, сөз мазмұнында тойды ерте бастауды да негізге алған. Өз кезегінде той иелері де алғыс білдірді.

– Келесі сыйлық алар той сіздікі болуы бек мүмкін. Баршаңызды тойға ерте баруға, ерте бастауға шақырамыз! – делінген жастар орталығының парақшасында.

Тойды ерте бастап, ерте аяқтау арқылы қала билігі қылмыс саны азайтуды көздейді.

 

Последние новости

12.11.2024
«Балаларым мұндай әкені қаламайды»: сот Бишімбаевты ата-ана құқығынан айырудан бас тартты
12.11.2024
«Әркім өзі білетін заман»: Қайрат Нұртастың қысқа киінген бойжеткенмен түскен видеосы жарияланды
12.11.2024
Елімізде көпқабатты үйлердегі өртті сөндіру үшін алғаш рет дрондар қолданылады
12.11.2024
Улан-Батор қаласында тоғызқұмалақтан халықаралық турнир болып жатыр
12.11.2024
Петропавл тұрғындары жылу мен электр энергиясының қымбаттағанына наразы
12.11.2024
Соңғы 18 айда мүлкі болмауы керек: «7-20-25» бағдарламасына өзгерістер енгізілді
12.11.2024
Каспий жағалауынан табылған итбалық өлексесі 734-ке жетті
12.11.2024
«Маған кімді меңзегеніңді айт»: Атырауда блогер мен депутат не үшін дауласып қалды