«СҚ-Фармация» ЖШС өзіне жүктелген міндетті атқарып келеді. Бірыңғай дистрибютордың бастапқы міндеті – дәрі-дәрмекпен уақытында қамтамасыз ету болатын. Осы міндетін орындай алмады. Конкурстық процедуралар барысында сатып алуды ұлғайту есебінен және көтерме сатып алу есебінен олар айтарлықтай үнем жасап отыр. Конкурстық рәсімдер сатып алынатын дәрілік заттардың көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді», — деді ол.
Денсаулық сақтау вице-министрінің сөзінше, жақын арада «СҚ-Фармация» ЖШС қызметін ретке келтіретін 3 заң жобасы шығады.
«Антикордың жасаған ескертулерін ескере отырып, «СҚ-Фармация» ЖШС қызметін әрі қарай реттейтін болады, оның ішінде картельдік келісімдердің пайда болуын жояды», — деді ол.
Еске салсақ, «СҚ-Фармация» ЖШС-ны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп тексергеннен кейін жемқорлық фактілерін анықтаған.
Персоналды басқару блогы бойынша адамдарды конкурссыз жұмысқа орналастыру, конкурстық комиссияда тәуелсіз мүшелердің болмауы, мүдделер қақтығысын жою жөнінде шаралар қабылдамау, командалық орын ауыстырумен, қосымша ақыларды, сыйақыларды, іссапар төлемдерін, сондай-ақ СҚФ-да іс жүзінде жұмыс істемеген жекелеген қызметкерлердің жалақыларын заңсыз бекітумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған еді.