Синоптиктердің болжамынша республиканың барлық дерлік аумағында ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болжанады. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында қарлы бұрқасын, көктайғақ құбылыстары, елдің басым бөлігінде екпінді жел күтіледі.
12 қарашада Шығыс Қазақстан облысында, 12-13 қарашада республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты қар, 13 қарашада Қазақстанның оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы болжанады. Тек батысында, 14 қарашада елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.
“Батыс облыстарында ауа температурасының түнде 0-11 аяздан 8 градус аяз-3 градус жылуға дейін, Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығындағы өңірлерде түнде 8-18-ден 3-15 аязға дейін, күндіз 5-12-ден 0-8 аязға дейін, республиканың шығысында 13 қарашада ауа температурасының түнде 10-25 аязға дейін, күндіз 5-16 аязға дейін төмендеуі күтіледі, 14 қарашада түнде 7-20 аязға дейін, күндіз 2-13 аязға дейін, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасының біртіндеп төмендеуі болжанады, түнде 6 градус жылудан – 6 градус аяздан, 1-10 аязға дейін, күндіз ауа температурасы 3 градус аяз – 5 градус жылуға дейінгі аралықта болады” делінген Қазгидромет хабарламасында.
Бұған дейін елде 100 жылдағы температуралық рекорд тіркелгені хабарланған. 2024 жылдың қазан айында Қазақстанда бірнеше температуралық рекордтар тіркелді. Олардың кейбірі жүз жылға жуық уақыт сақталған.