Тоқаев судьялар жиынында Қуандық Бишімбаевтың соты туралы айтты

2024-10-04 14:27:20

«Биыл сот отырыстары алғаш рет онлайн көрсетіле бастады. Осындай тәсілмен екі сот процесі өтті. Сот істері миллиондаған адамның көз алдында мейлінше ашық жүргізілді. Мұндай қадам жұрттың сот жүйесіне сенімін нығайта түсті деуге болады. Бұл – әрине, бұрын-соңды болмаған жаңашылдық. Сондықтан судьялар мен айыптаушыларға қойылатын талап күшейді. Сотқа қатысушы тараптар ашық сот алаңында өз ойларын еркін жеткізе алады. Барлық сот отырысында осындай жоғары стандарт болуы керек», — деді президент.

Мемлекет басшысы атап өткендей, сотты онлайн өткізудің тағы бір ұтымды тұсы бар.

«Азаматтардың құқықтық сана-сезімі өзгеріп келеді. Заңгер мамандығына деген қызығушылық артты. Жастар заң саласындағы мамандарды үлгі тұта бастады. Мұның бәрі қоғамда кәсіби маман болу құндылығын дәріптеуге мүмкіндік береді. Жалпы, сотты онлайн өткізу жұрттың құқықтық мәдениетін көтеруге оң әсер етуде. Бұл – елімізде Заң мен Тәртіп қағидатын орнықтыратын тиімді тәсіл»,– деді мемлекет басшысы.

 

Последние новости

04.10.2024
Түркістан облысының әкімі шәкірті 42 елден шақырту алған ұстазға көлік сыйлады
04.10.2024
«32 жыл толды»: Жеңіс Ысқақова тұрмысқа шыққан кездегі фотосын бөлісті
04.10.2024
TikTok Қазақстанда желіні бұғаттау туралы талапқа жауап берді
04.10.2024
Заңнама деңгейінде реттелуі керек – Жоғарғы сот мектептегі орамал мәселесі жайлы
04.10.2024
«Азық-түлік сасып кеткен»: Арқалық билігі гуманитарлық көмекті 6 ай бойы вагонда тығып отырған
04.10.2024
Каждый третий ребёнок в Казахстане самостоятельно совершает онлайн-покупки
04.10.2024
Қазақстанда тағы екі микроқаржы ұйымының лицензиясы тоқтатылды
04.10.2024
«Мені жеңу оңай емес»: Ауыр дертпен күресіп жатқан Мұрат Бисембин мәлімдеме жасады