«32 жыл толды»: Жеңіс Ысқақова тұрмысқа шыққан кездегі фотосын бөлісті

2024-10-04 12:27:26

Өнер иесі жолдасымен шаңырақ көтергеніне 32 жыл толған.

“Әдемі тілектер қабылданады. Шаңырақ көтеріп, отау құрғанымызға 32 жыл толыпты. 3 қазан, 1992 жыл. Күйеуім ем алып жатқан жеріме келіп, құттықтап кетті”, – деп жазды әнші.

Айта кетейік, өнер иесі бір рет қана тұрмыс құрғанын айтқан еді.

“Бірде ауруханаға жатып қалдым. Сөйтіп балам келді ауруханаға. Баламнан заттарды алып, шығарып салып жатсам күзетте отырған жігіт: “Балаңыз ба? Бірінші күйеуіңіздің баласы ма?” деп сұрады. Шошып кеттім: “Құдай сақтасын, бірінші күйеуім де, екінші күйеуім де бір адам. 30 жыл отасқан күйеуімнен туған балам. Менің бір ғана күйеуім бар” деп жауап бердім. Сөйтсем ол да “жас күйеуін көрсетті” деген жаңалықты көрген екен. Бірақ сол жақсы болды. Содан кейін күйеуімді ел тани бастады. Күйеуімді көрсете алмай жүр едім”, – деп күлген еді Жеңіс Ысқақова.

 

Последние новости

04.10.2024
TikTok Қазақстанда желіні бұғаттау туралы талапқа жауап берді
04.10.2024
Заңнама деңгейінде реттелуі керек – Жоғарғы сот мектептегі орамал мәселесі жайлы
04.10.2024
«Азық-түлік сасып кеткен»: Арқалық билігі гуманитарлық көмекті 6 ай бойы вагонда тығып отырған
04.10.2024
Каждый третий ребёнок в Казахстане самостоятельно совершает онлайн-покупки
04.10.2024
Қазақстанда тағы екі микроқаржы ұйымының лицензиясы тоқтатылды
04.10.2024
«Мені жеңу оңай емес»: Ауыр дертпен күресіп жатқан Мұрат Бисембин мәлімдеме жасады
04.10.2024
Премьера тизерного трейлера сериала-скандала «Дайте шоу» с Милошем Биковичем и Анастасией Красовской
04.10.2024
«Одан қайтып оралмады»: Жанар Айжанова жолдасының өлер алдындағы суретін жариялады