Айжанова жолдасын сағынышпен еске алып, «сырты сұлу жүргенмен ішінде бітеу жарасы бар» екенін жазған.
«…мынау қайтыс болардан бір күн бұрын сыныптастармен бірге өткізген соңғы отырысымыз. Маған өзі қолға салып, «Кешікпей келем деп ең, мен тұрмын елеңдеумен» деген Шәмшінің әнін айтқызды. Өзі де әнге қосылып отырды. Құрдастары «сен де әнші болып кетпе» деп қалжыңға айналдырған еді. Көңілді кештен бірге тарағамыз», — деп жазды Жанар Айжанова.
Әншінің айтуынша, жолдасы дәл осы отырыстан кейін ертеңінде сыртқа шығып кетіп, қайтып оралмаған.
«Қазір келемін» деп кеткен еді, содан қайтып оралмады. Елеңдеумен қала бердім. Қайғысыз адам, күйесіз қазан жоқ» деген осы шығар. Сыртымыздан қараған адамға маңдайыма шаң тимегендей көрінетін шығармын, ішімде бітеу жара жатыр ғой…», — деп жазды әнші.