Тоқаев Ақордада тағы бір саяси жиын өткізді

2024-10-04 10:28:14

«Мемлекет басшысы бұл алаңның қауіпсіздік саласындағы күш-жігерді үйлестіру тетігі ретінде танылғанын, сондай-ақ қазіргідей күрделі кезеңде Кеңестің рөлі бұрынғыдан да артып келе жатқанын атап өтті. Президент шұғыл және сараптамалық ақпаратпен дер кезінде алмасу өңірлік қауіпсіздікке төнетін қауіптер мен сын-қатерлерге қарсы тұру қабілетін арттыра түсуге және елдеріміздің ұлттық мүдделерін қорғау үшін үйлестірілген тәсілдерді дайындауға ықпал ететінін айтты», — деп жазады Ақорда.

Мемлекет басшысы бұл кездесудің қорытындысы халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізіп, Достастық мемлекеттерінің арнаулы қызметтері арасындағы өзара ықпалдастықты одан әрі дамытуға оңтайлы жағдай жасайтынына сенім білдірді.

Жиынға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің, сондай-ақ ТМД терроризмге қарсы орталығы мен Атқарушы комитеті делегацияларының басшылары қатысқан.

 

Последние новости

04.10.2024
КАК СТАТЬ ПОСТАВЩИКОМ ДЛЯ НЕФТЕГАЗА: ТШО ПРОВЕЛ СЕМИНАР ДЛЯ КАЗАХСТАНСКИХ КОМПАНИЙ 
04.10.2024
«Картамда 103 млн теңге жатыр»: тойға келген есепші қомақты ақшасын көрсетіп, бас жүлде алды (ВИДЕО)
04.10.2024
Антикор қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
04.10.2024
Қазақстан тоғыз жылда бірінші рет еурооблигация нарығына шықты
04.10.2024
«Ойдан есеп шығарып алады»: министр мұғалімдерді кімдер әуреге салып жүргенін айтты
04.10.2024
«Талдың қасына көме салайық деген»: Алматы облысында 2 жасар қызын ұрып өлтірді деп айыпталған әйел туралы деректер айтылды
04.10.2024
Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
04.10.2024
Атырауда газ тапшылығына байланысты ұзын-сонар кезек байқалды