TikTok Қазақстанда желіні бұғаттау туралы талапқа жауап берді

2024-10-04 12:27:26

TikTok қоғам қауіпсіздігіне аса мән беретінін атап өтті.

TikTok бірінші кезекте платформада жеккөрушілік идеологиясын насихаттауға, сондай-ақ зорлық-зомбылықты насихаттайтын адамдардың немесе ұйымдардың болуына жол бермейді. Біз мұндай мазмұндағы контенттерді өшіреміз, – деп хабарлады әлеуметтік желінің Қазақстандағы баспасөз қызметі.

Сондай-ақ TikTok 13 жастан асқандарға ғана пайдалануға рұқсат етілгенін алға тартты.

Кішкентай пайдаланушылардың қолданбаны пайдаланбауы үшін бізде толық туған күнін көрсету стандарттарына сәйкес тіркеу нысаны бар. Модераторларымыз үнемі бақылау үстінде. 13 жасқа толмаған пайдаланушыларға тиесілі есептік жазбаларды анықтауға мүмкіндік беретін автоматты модерация технологиялары бар. Егер модерация осы талапты бұзған парақшаны тапсы бірден бұғаттайды, — деп атап өтті компания.

2024 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында TikTok 13 жасқа толмаған пайдаланушыларға тиесілі Қазақстандағы 1,2 миллионнан астам аккаунтты жойған. Сонымен бірге, TikTok ата-аналардың балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі «өте маңызды» екенін еске салды.

«Отбасы параметрлері» арқылы ата-ана TikTok есептік жазбасын жасөспірімнің есептік жазбасымен байланыстыра алады. Сонымен қатар, экран уақытын шектеу, есептік жазбаның құпиялылығы, жеке хабарлама және т.б. сияқты бірқатар маңызды параметрлерді басқара алады. Қазақстандағы ата-аналарды балаларына онлайн кеңістікте барынша қауіпсізболуы үшін TikTok-та «отбасылық параметрлерді» қоса алғанда, ата-аналық бақылау құралдарын пайдалануға шақырамыз, — деп түйіндеді TikTok баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Сенат депутаты Геннадий Шиповских Қазақстанда TikTok платформасын бұғаттауды ұсынған еді.

Сенатор Нұртөре Жүсіп те Tik-Tok адам психикасын терең меңгеріп, шабуыл жасайтынын айтқан.

Сондай-ақ бұған дейін TikTok-та белсенді депутат Ерлан Саиров та желіні шектеу керек деп мәлімдеген болатын.

 

Последние новости

04.10.2024
Заңнама деңгейінде реттелуі керек – Жоғарғы сот мектептегі орамал мәселесі жайлы
04.10.2024
«Азық-түлік сасып кеткен»: Арқалық билігі гуманитарлық көмекті 6 ай бойы вагонда тығып отырған
04.10.2024
Каждый третий ребёнок в Казахстане самостоятельно совершает онлайн-покупки
04.10.2024
Қазақстанда тағы екі микроқаржы ұйымының лицензиясы тоқтатылды
04.10.2024
«Мені жеңу оңай емес»: Ауыр дертпен күресіп жатқан Мұрат Бисембин мәлімдеме жасады
04.10.2024
Премьера тизерного трейлера сериала-скандала «Дайте шоу» с Милошем Биковичем и Анастасией Красовской
04.10.2024
«Одан қайтып оралмады»: Жанар Айжанова жолдасының өлер алдындағы суретін жариялады
04.10.2024
Тоқаев Ақордада тағы бір саяси жиын өткізді