Склярдың айтуынша, бүгінде 50 мыңнан астам дауыс жинаған утильалым туралы петиция қаралады. Бірақ, әуелі мемлекет мүддесі ескерілуі керек.
“Қазір Қазақстанда 20 млн тұрғынға шаққанда 5 млн-нан астам автомобиль бар. Бірақ, неге екенін көлігі жоқ адамдардан “Сіз осындай ескі көліктерден бөлінетін зиянды газбен демалғыңыз келе ме?” деп ешкім сұрамайды.
Барлық кедергілерді, соның ішінде 3 жылдан асқан автомобильдерге тіркеуді алып тастау ескі машиналардың елімізге көптеп жеткізілуіне, экологиялық жағдайдың едәуір нашарлауына әкеліп соғады. Онда біз барлық елден 20, 30 жыл бұрынғы көліктерін алып, олардың базарын босатайық. Олар өздеріне жаңа көліктер алады, бізде бәрі ескі болады.
Әрине популистікпен менде “жақсы, арзан көлік” деп айтуыма болады.Мәселен, жас жігіт 18 жасқа толған соң, 500 долларға көлік сатып алып, айдап жүреді. Бұл жақсы шығар. Бірақ олар қалған 15 миллион адамнан “сіз осы машиналардан шығатын газды жұтқыңыз келе ме?”деп сұрады ма? Олардың да үні тыңдалуы керек, сондықтан министрлік тиісті шешім қабылдайды”, деді Скляр.
Сонымен қатар, ол Қазақстан ДСҰ-ға кіргенге дейін кедендік баж салығы автокөліктерге 30% құрағанын айтты.
“Қазақстан ДСҰ-ға кіру арқылы өз нарығын ашты. Кедендік баж салығы 15%-ды құрады. Дегенмен, көлік шығаратын және утильалымын енгізген Ресей және Беларусьпен біртұтас экономикалық кеңістікте бола отырып, біз бұдан қалыс қала алмаймыз. Олар утилалымын енгізді, жауап ретінде біз де бұл төлемді енгіздік”, деді.
Ол бұрын арзан несие беруге 100 миллиард теңге бөлінгенін еске салды.
“Утильалымның бенефициары тек автокөлік өндірушілері деу дұрыс емес. Оның тікелей қолдаушысы – Экология және табиғи ресурстар министрлігінің құрылымдық еншілес кәсіпорны «Жасыл Даму» АҚ.
Айтпақшы, бізде кәдеге жарату төлемі қазір Ресейден 3 есе төмен, егер Өзбекстанды алсақ, онда утилизациядан басқа 100 пайыздан астам кедендік баж бар; Өзбекстан өз нарығын біздікінен әлдеқайда кең ауқымда қорғайды”, деді Скляр.