Не болды

Прокуратура мәліметінше, жеке компания газбен жабдықтау желілеріне қосу кезінде тұтынушылардың қаражаты есебінен инвестицияларды пропорционалды емес өтеу арқылы үстемақыны теріс пайдаланған.

Сондай-ақ компанияның табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган бекіткен тарифтен асып кеткені, негізсіз кіріс алғаны белгілі болды, — делінген хабарламада.

Әкімшілік айыппұл салынды

Прокурорлық қадағалау актісін қарау кезінде кәсіпкерлік субъектіге Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 159, 164-баптары бойынша 65 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен қатар 14 мыңнан астам тұтынушының құқығын қалпына келтіру мақсатында өтемақы тарифін енгізу туралы уәкілетті органға тапсырма берілген.