Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

2024-06-04 10:31:38

Құрмет қарауылы ротасының бастығы салтанатты шараға дайындығы жөнінде Мемлекет басшысына рапорт берді. Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған жұртшылықты Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл елдігімізді нығайта түсетін мерейлі мереке екеніне назар аударды.

«Осы мерекеге орай біз жаңа ғана еліміздің бас байрағын көтердік. Көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін! Туымызды тік ұстау – әр азаматтың перзенттік парызы. Аспан түстес көк байрағымыз – біздің мақтанышымыз. Спортшыларымыз туымызды талай рет жеңіс тұғырына көтерді. Жақында қазақтың қайсар қыздары Эверестке шықты. Туымыз әлемнің ең биік шыңында тағы да желбіреді. Алда Олимпиада ойындары келе жатыр. Намысты өрендеріміз Париж төрінде туымызды тік ұстайды деп сенемін», – деді Президент.

Мемлекет басшысы байрағымыз аспандаған сайын ұлт мерейі асқақ болатынын айтып, туды тәуелсіздігіміздің тұмары әрі ынтымағымыздың бастауы деп атады.

«Батыр бабаларымыз ел тағдыры сынға түскен сәтте бір тудың түбінен табылған. Бірлігін бекем ұстаған, елі мен жерін қорғаған. Байтақ даланы көзінің қарашығындай сақтап, ұрпағына мирас еткен. Сол аманатқа адал болу – ұрпақтың ұлы мұраты», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Последние новости

04.06.2024
«Батырлардан ұят болды»: Құлсарыдан үйіне қайтып келе жатқан құтқарушылар ас-сусыз далада қалған
04.06.2024
Вице-министр Тимур Жақсылықов Беларуське елші болып кетті
04.06.2024
Елімізде медициналық жабдықтар мен дәрілер сатып алуда жемқорлыққа жол берілген
04.06.2024
«32 мысықты шетінен сойып, бізге етін береді»: Шымкентте жетім балаларды қорлаған емшінің видеосы тарады
04.06.2024
Қазақстанда спортшылар жалған атақ алып жүрген
04.06.2024
«Орташа жалақы 382 мың теңге дегені өтірік екен»: Станислав Черчесов айына 44 млн теңге алатыны рас па
04.06.2024
Қазақстанда кімдер өтей алмаған қарызы үшін үйінен айырылуы мүмкін
04.06.2024
«Ешқайсысы өз анасының жолын қуған жоқ»: Гүлзира Айдарбекова «келіндеріңмен жарыспа» деп сынағандарға жауап берді