Қазақстандағы су тасқыны: мемлекет үй салуға жұмыссыз азаматтарды шақырып жатыр

2024-05-13 12:28:39

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыз қалған қазақстандықтарды су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіру жұмысына жұмылдырмақ.

Толығырақ

– «Біз бірге саламыз!» жобасы басталды. Жоба жұмыссыз азаматтарды су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде тұрғын үй салып, инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстарына шақыруды көздейді. Құрылыс компаниялары ұсынатын бос жұмыс орындарын электронды еңбек биржасынан көруге болады, — делінген хабарламада.

Кез келген адам жұмысқа орналасып, өңірлерге тұрғын үй қоры мен инфрақұрылымды қалпына келтіруге көмектесе алады.

– Бұл жобаның маңыздылығы мынада: біз жұмыс табуға және су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіруге қатысуға ниет білдірген әрбір адамды жедел жұмысқа орналастыру үшін цифрлық ортаны қамтамасыз етеміз. Қазіргі уақытта біз жұмыс берушілер базасын және бос жұмыс орындарын толықтырумен айналысамыз. Өңірлердің әрқайсысының қатысуы маңызды, білікті мамандар да, бейінді білімі жоқ мамандар да қажет, – деді министр Светлана Жақыпова.

Су тасқыны салдарынан Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары мен инфрақұрылымы зардап шеккен.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

 

Последние новости

13.05.2024
«Пенсияға дайындалып жатырмын»: Мақпал Жүнісова жастық шағынан сыр шертіп, бұрын-соңды жарияланбаған фотоларын көрсетті
13.05.2024
Бишімбаевтың үкімі бүгін шыға ма – Жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбақова жауап берді
13.05.2024
Бишімбаев «дала заңы» бойынша да өмір бойына сотталу керек – Салтанат Нүкенованың әкесі
13.05.2024
Судья Бишімбаев пен Байжановтың үкімін шешетін сұрақтарды анықтады
13.05.2024
Тасқын су келген Индербор ауылының бір бөлігі жарықсыз қалды
13.05.2024
Карина Мамаш өзін ұрған жолдасымен 15 жасында «Мой мир» желісінде танысқанын айтты
13.05.2024
1 маусымнан бастап Алматы-Нөкіс бағыты бойынша тұрақты рейс ашылады
13.05.2024
Алматы тауларында адасып қалған үш қыз құтқарылды