Оразбақованың айтуынша, бүгін үкімнің шығу ықтималдығы 70-30% арасында.
«Бәрі судья мен алқабидің кеңесу бөлмесінде қанша уақыт болатынына байланысты. Дауыстар саналып болғаннан кейін судья үкімді жазады. Оның өзіне біраз уақыт қажет», – деді адвокат.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотта адвокат Жанна Оразбақова Бишімбаевқа қандай үкім тағайындалуы мүмкін екенін айтты.
Ол сотталушыны барлық алқаби Бишімбаевты аса қатыгездікпен және азаптаумен қасақана өлтіргені үшін кінәлі деп тапқан жағдайда ғана өмір бойына бас бостандығынан айыруға болатынын айтты.
«Өмір бойына соттау бірауыз шешімді талап ететінін білесіз. Сондықтан олар 20-дан 25 жылға дейін береді деп ойлаймын. Егер барлығы 10-нан 10 дауыс берсе, онда бұрынғы соттылықты ескере отырып, сот бұл қауіпті қайталану деп санауы мүмкін», – деді Жанна Оразбақова.
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды. Қазір олардың сот отырысы ашық түрде өтіп жатыр.
Сондай-ақ экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі («Азаптау»), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы («Аса қатыгездікпен адам өлтіру») бойынша жаңа айыптар тағылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны үшін айыпталған.
Айта кетейік, бұған дейін Әйелін аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова жәбірленуші тараптың адвокаты Игорь Вранчевтің сөзіне қарсы шықты. Лейла Рамазанова Бишімбаевты “Оттело” мен “Чикатилоға” теңеу орынсыз екенін айтқан.