Карина Мамаштың айтуынша, ол дипломат жолдасымен 15 жасында «Мой мир» әлеуметтік желісінде танысқан.
«Онымен 15 жасымда «Мой мир» әлеуметтік желісіенде танысқамын. Ол маған хат жазды. Менің жеке парақшамда туған жылым, жасым жазылып тұрса да мені 15 жастағы қыз емес, 18 жастағы бойжеткен деп ойлапты. Мен оған ғашық болдым. Ол екі рет келіп кзедесіп, үшінші келгенде мені алып кетті. Әуел баста анам, әрине, шок алды. Бірақ, дипломат екенін білгенде келісімін берді», — дейді ол.
Карина Мамаштың айтуынша, жолдасы өзінен біраз жасқа үлкен адам болған. Сондықтан ол оның өзіне қамқор болатынына, болашақ балаларына жақсы әке болатынына сенген.
«…кеше полиция участогында да маған «күйеуіңіздің жасы сізден әлдеқайда үлкен екен, кезінде ол үшін қысылған жоқсыз ба» деген сұрақ қойды. Бірақ, мен сол кезде әке махаббатын іздеген едім. Менің әкем тоғыз жасымда қайтыс болған. Мен спортқа бет бұрып, басында әкем жоқ екен қатты сезбедім.Тек екі айдан кейін барып әкем жоқ екенін түсіндім. Анам алаңдамасын деп жолдасымның ұзақ жылдар бойы ұрып-соққанын айтқан жоқпын», — дейді Карина Мамаш.
Өзінен жасы үлкен ер адам оған алғашқы неке түнінен бастап-ақ қаталдық танытыпты. Жалпы, Карина Мамаштың айтуынша, көп жағдайда ер азаматы ішімдік ішіп, сабаған.
«Алғашқы неке түнінен-ақ қатал болды. Маған «жат» деп қыр көрсетті. Оған 17 жасымда тұрмысқа шықтым. Басында сөзбен, эмоциямен қыр көрсетті. Кейін ішіп, ұрып-соқты. Әрине, бақытты кзедеріміз де болды. Маған ән айтып беретін. Әсіресе, Брюссельдегі бақытты шақтарымыз есімде. Ұшақта бара жатқанда маған «енді ішпеймін, балаларымның өскенін көргім келеді» деген еді. Ол кезде үлкен ұлым екі айлық болған. Брюссельде жүріп, екінші балама аяғым ауыр болды», — дейді Карина Мамаш.