Әлеуметтік желіде Қызылжар ауданы Новокаменки ауылы маңындағы жол апаты болған жерден түсірілген фотолар тарады. Жазбаға қалдырған пікірге сүйенсек, қайтыс болған әйел биология пәнінің мұғалімі болған. Көпшілік әйелдің жақсы ұстаз болғанын айтып, жақындарына көңіл айтты.
Полицейлер адам өлімі туралы ақпаратты растады.
"31 қазан сағат 15:00 шамасында Жезқазған-Петропавл тас жолының 935 шақырымында Audi көлігінің 22 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылды. Салдарынан дене жарақаттарымен үш жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Жолаушылардың бірі сол жерде қайтыс болды ", - деп хабарлады Қызылжар ауданы полициясы.
Жол-көлік оқиғасы фактісі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі (жол қозғалысы немесе көлік пайдалану ережелерін бұзу адам өлімне әкеп соққан жағдай) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Оқиға орнына Қызылжар ауданы полициясының жедел тергеу тобы барды. Сотқа дейінгі тергеу аясында полицейлер жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептерін анықтайды. Бірқатар сараптама тағайындалды. Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады, деп қорытындылады полиция.
Айта кетері, бұл өңірде демалыс күндері бірнеше жол апаты болды. Сенбіде Петропавлда және облыс аудандарында қар жауып, жолдарда көктайғақ пайда болды.
Комментарии