Токио метросында ер адамның жасаған шабуылынан кем дегенде 17 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің мәліметінше, шабуыл жергілікті уақыт бойынша 20.00 шамасында әлемдегі ең көп жүретін теміржол вокзалы Синдзюкуға бет алған Кэйо экспресс жолында болған. Пойыз вагондарының бірінде Джокер сияқты күлгін костюм киген ер адам пышақпен айналасына шабуыл жасай бастаға, кейін вагонға жанғыш сұйықтық төгіп өртеп жіберген.
Оқиға жолаушылар арасында дүрбелең туғызды. Оқиға орнынан түсірілген фотосуреттерде адамдардың платформадағы вагондардан терезе арқылы шығуға тырысқаны көрінеді.
"Мен бұл Хэллоуиндағы әрекет деп ойладым. Сосын қолындағы ұзын пышақты сермеп келе жатқан адамды көрдім. Пышақтың үстінде қан болды", - дейді оқиға куәгерлерінің бірі.
Кейін құқық қорғау органдары ер адамды ұстады, оның әрекетінің себептері айтылмады. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, күдікті билікке "адамдарды өлім жазасына кесуді қалайтынын" айтқан.
Кэйо желісімен келе жатқан пойыз қазіргі уақытта елордалық аймақтың Тефу қаласындағы Кокура станциясында тоқтатылды. Станцияда жедел жәрдем көліктері кезекшілік етеді.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии