Мемлекеттік мекеме қызметкерлері тірі адамды өліге жатқызған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сөйтіп бір күнде зейнетақысын ала алмай қалған қария анық-қанығын білу үшін тиісті мекемеге барғанда өзінің "өлгенін" естіген.

Яғни, 84 жастағы әжейді олар қайтыс болғандардың тізіміне қосып қойыпты.

Енді Айтбала Сәлімбаева өзінің әлі жер басып жүргенін дәлелдеуге мәжбүр. Бұл біздің елдегі алғашқы жағдай емес. Тірі адамды о дүниелік етуге асыққандар кімдер? Бұл туралы "Еуразия" Бірінші арнасының сюжетінен білуге болады: