"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Лионель Месси "Барселонаға" спорт директоры ретінде оралғысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sport.es-ке берген сұхбатында ол клубқа көмектесуге дайын екенін айтты, деп жазады "Чемпионат".
Мен клубқа қолымнан келгенше көмектесе алсам, қуанар едім. Мен спорттық директор болғым келеді. Егер мүмкіндік болса, көмектесуге дайынмын, өйткені "Барселона" менің сүйікті клубым, оған пайдамды тигізгім келеді, – деді Месси.
10 тамызда Месси ПСЖ-мен екі жылға арналған келісімшарт жасады. 5 тамызда "Барселона" Мессимен арадағы келісімді ұзартпайтынын мәлімдеді. Бұл Испания лигасының ережесінде көрсетілген қаржылық және құрылымдық кедергілерге байланысты болды.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии