Қарасай ауданында жер телімі қанша тұрады? / 26?

2019-12-12 18:11:08

 Баспаналы болу әркімнің арманы. Жалпы, Қарасай ауданында жер телімдері қанша тұрады? Үй салған тиімді ме, әлде жаңасын сатып алған тиімді ме? Әр салада өзінің білікті маманы сөйлегені абзал. Сонда ғана айтқанымыз ақиқат, естігеніміз шындық болары хақ. Осы мақсатта Kaskelenkz тілшісі Қаскелең қаласында орналасқан «Арнайы» жылжымайтын мүлік агенттігіне бас сұқты.

2013 жылы негізі қаланған агенттікте қазір 20 адам еңбек етеді. Мұнда тек жер сатып алуға ғана емес, өз жылжымайтын мүлкін сатқысы келетіндер де жиі бас сұғады. Іс барысындағы басты принцип – айқындық әрі заңдылық және клиентке жан-жақты қолайлылық. Сол себепті, мұндағы мамандар жер мен үй тұтынарда қаптаған жарнамаларға емес, арнайы агенттіктерге жүгінген жөн деп есептейді.

Мынаны білгеніңіз жөн! Егер сіз жер телімін сатып аламын десеңіз, алдымен жердің қайда орналасқандығы және ол жердің кепілде тұрғаны немесе тұрмағандығы туралы мәліметті ХҚК орталығынан біліп алыңыз. Айта кететін тағы бір жайт, қазіргі таңда көп жер телімдері мемлекеттің меншігіне өтіп кетіп жатыр. Себебі жеке тұрғын үйлер қызыл сызықта тұрғандықтан не болмаса мемлекет қажеттілігіне орай қайтарылуы тиіс болып жатады. Сондықтан сатып алушы осындай жағдайға тап болмауы үшін жер телімін сатып алатын кезде сәулет және құрылыс бөлімдеріне хат жазу арқылы жер телімі жайында ақпар ала алады. Сол мекемелерден жауап алған соң ғана жер теліміне қатысты сату-сатып алу келісімшартын жасасып, нотариус арқылы рәсімдеген жөн. Ал, «Арнайы» агенттігіне жүгінген тұрғындар бұл қағазбастылық пен жүгірістен толықтай құтылады. Себебі, осы іс барысын білікті мамандар түгелдей өз қолдарына алады. 

Ал, енді агенттік берген статистиканы тақырыпқа тұздық етейік. Компания ашылған 2013 жылы жер сату-сатып алу үрдістері тоқтаусыз, кең ауқымда жүрген. Мамандар оны көршілес елдердегі қандастарымыздың мемлекетімізге, оның ішінде алып мегаполис іргесіндегі ауданымызға жаппай қоныс аударуынан деп есептейді. 2013 жыл мен 2018 жыл аралығында жер сату бойынша ғана барлығы 1416 келісімшарт жасалса, 2019 жылдың осы кезеңінде 350 мәмілеге қол қойылған. Яғни, биыл жер теліміне сұраныс көбейген. Бұған, осы жылдан бастап жүзеге асқан агенттіктің бөліп төлеу акциялары себеп дейді компания өкілдері. Бұл ретте тұтынушылар да дән риза!

Сұхбат барысында түсінгеніміз соңғы бір жарым жылда ауданымыздағы үй мен пәтер сатып алушылардың да қатары көбейген. Үй бағасында Қаскелең қаласы мен Шамалған ауылындағы бағада аса айырмашылық жоқ. Мысалға, орталықта орналасқан, 5 соттық жері бар  4 бөлмелі үйді алсақ, ол Қаскелеңде 12 млн, ал, Шамалғанда 10 млн теңге көлемінде тұрады дейді мамандар. 

Қазіргі кезде өз ісін бастап, бизнес әлемінің табалдырығын аттасам дейтіндер де, табыс көзін ұлғайтам дейтіндер де табандарынан таусылып жүрмей, осындай агенттіктер арқылы да іздегенін таба салады екен.

 Толығырақ жаңалықтар топтамасынан көре аласыз.