Мәжбүрлеп лоторея билеттерін сатып жатқан кім? / 68?

2019-12-04 16:14:55

 «Қазпошта» арқылы атаулы әлеуметтік көмектерін алатын көпбалалы аналар өздеріне мәжбүрлі түрде лоторея билеттері беріліп жатқанына наразы, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.

Еске сала кетсек, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға төленетін жәрдемақы бүгінде пошта бөлімшелері арқылы беріледі. Оны аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары осылай тұрғындар үшін тиімді болатындығымен түсіндірген. Себебі, бүгінде көптеген отбасылардың түрлі банктер алдында өтелмеген берешектері бар. Ал, банк карточкасына аударылған жәрдемақыны ала алмай қалу қаупі бар. Себебі, сот орындаушылар немесе қаржы мекемелері банктің есепшотына бұғат қоя алады. Дегенмен, тұрғындар мемлекет көмегін банк карточкасына аудару туралы өтініш білдіруге де құқылы. 

Бүгін редакциямызға хат жолдаған көпбалалы ана пошта қызметкерлері мәжбүрлі түрде лоторея билеттерін сатып жатқанын айтып шағымданды. Хатты қаз-қалпында назарларыңызға ұсынамыз.

 «Добрый день! Пройдя огонь, воду и медные трубы мне одобрили АСП с сентебря, в ноябре я получила сумму за один месяц, на дворе уже декабрь. АСП начисляют в конце месяца? И когда начислять за остальные месяца? При этом придя в казпочту мне дают расходник на 92000 т. и лотерею стоимостью 500т. Я им говорю мне не нужна лотерея, в ответ сотрудник казпочты ответил что они приходит вместе с пособием, мы уже высчитали. Я считаю деньги там уже за минусом 500, а в расходнике то с учетом. Я в ужасе. Можно же не трогать пособия? Кто то скажет ну что там 500 т, а мой ребенок не есть в школе бесплатно, на это я уже закрыла глаза. Я дам ему эти деньги пусть он поест, а не сотрудники казпочты. Прошу разобраться я при получении пособий не буду брать лоторею. И почему мы не можем получать пособия через карточку? И не стоять в миллионой очереди? Или они не смогут снимать деньги с нее? Я лучше буду получать через частный банк, но всю сумму.»

Бұл мәселе Kaskelenkz назарына алынды. Алда тиісті мекемелерден бұл жағдайға қатысты нақты жауап сұрайтын боламыз.

 Ал, егер сіз де осы келеңсіздіктің куәгері болсаңыз, пікір қалдырып, өз ойыңызбен бөлісе аласыз.