Қарасай ауданында соңғы бір аптада екі үй өртеніп кетті / 31?

2019-11-29 16:15:56

Соңғы бір аптаның ішінде Қарасай ауданында екі бірдей үй толықтай өртеніп, екі отбасы далада қалды, деп хабарлайды, Kaskelenkz тілшісі.

21 қараша күні Шамалған ауылында бір жас отбасының баспанасы отқа оранды. Ерлі-зайыптылар жұмыста, екі баласы сабақта болғанда тілсіз жаудың неден пайда болғаны қазір анықталу үстінде. Барлық киімдері мен несиеге алған техникасы, жиһазы, киім-кешегі мен құжаттары да түгелдей жанып кеткен. Шаңырақ иелерінің жағдайын округ әкімі Ержас Тоқтасынов арнайы барып біліп, көмек қолын созды. Көктемге дейін паналауға баспана да тауып беріп, орналастырды.

Ал, 25  қараша күні тілсіз жау Қырғауылды ауылының көпбалалы отбасын шарпып, өкінішке орай отағасы оқыс оқиға салдарынан көз жұмды. , Аналары кіші баласымен денелерін күйік шалып, ауруханаға түсті. Мектеп жасындағы балалыры сабақта болғандықтан олар дін аман.  Округте орналасқан білім мекемелері басшылары мен ауыл әкімі Елжан Туленбаев бастаған топ бірден оқиғанын мән жайын біліп, азық-түлік пен баспана қарастырып, қайырымды жандар қолдарынан келгенінше киім мен ақшамен көмектесуде.

Әрине, жылыту маусымы бастала сала ауданда мұндай қайғылы жағдайлардың орын алып жатқаны өкінішті. "Апат айтып келмейтіні" рас. Дегенмен, әсіресе қатты отын пайдаланатын т ұрғындардың қауіпсіздік шараларына аса мұқият болғаны абзал!

 

Последние новости