Тасқын шайып кеткен үйлер тендерсіз салынады

2024-04-23 10:31:06

Ulysmedia.kz тілшісі үкіметте Шарлапаевқа сұрақ қойды.

– Су тасқыны үйлерді шайып кеткен кейбірр өңірлерде үй құрылысы басталып кеткенін айттыңыз. Оларды салу үшін тендер жарияланып үлгерді ме? – деп сұралды министрден.

Қанат Шарлапаевтың айтуынша, осындай төтенше жағдайда әкімдіктер тендер жарияламайды. Тікелей құрылыс компанияларымен келісімшарт жасайды.

– Егер қазір тендер жарияласа, ол бірнеше айға созылып кетеді. Ол жұмысты созбау үшін біз тіке келісімшарттарға кіріп жатырмыз. Бірақ мысалы, егер Ақтөбені мысалға алсақ, ол өңірде бірнеше компания жұмысты жүргізіп жатыр. Ешқандай ешкімге бизнес емес – ешқандай табыс алмайды. Олар 0-ге жұмыс істейді.

Қазақстанда бұл бұрын болмаған апат. Бүкіл компаниялар әлеуметтік жауапкершілігін сезініп жатыр. Табыс бар, бірақ ол өте аз. Қазіргі таңда Ақтөбеде 87 үйдің құрылысы жүргізіп жатыр. Тең болу үшін компанияларға оларды бөліп бердік, – дейді Шарлапаев.

Үй салар – монша, қора қалпына келтіріле ме?

Қанат Шарлапаевтың айтуынша, әр үйге 22 млн теңге бөлінгенімен, ешкімнің қолына бұл сома қолма-қол берілмейді. Азаматтарға екі таңдау беріледі: не үй салып береді немесе осы ақшаға екінші нарықтан үй немесе пәтер сатып алуға болады. Ал қора, монша, сарайды қалпына келтіруді мемлекет жауапкершілікке алмайды.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Халыққа қосымша тағы қандай көмек беріледі

Премьер-министр Олжас Бектеновтың айтуынша, қазір жағдай біртіндеп тұрақталып келеді. Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында қауіптің беті қайтқан. Өте күрделі ахуал қалыптасқан Петропавл және Құлсары қалаларында су тартыла бастаған.

«Үкіметте, Төтенше жағдайлар министрлігінде, өңірлерде жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Проблемалардың барлығы жергілікті жерлерде жедел қаралып, шұғыл шешімдер қабылданды. Өткен аптада залалды өтеу жұмыстары басталып кетті. Зардап шеккендерге келтірілген шығындарды өтеу тәртібіне түзетулер бекітілді. Кеше мен тиісті қаулыға қой қойдым», — дейді ол.

Бектеновтың сөзінше, бүгінге дейін 11 мыңға жуық отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем алған. Бұл – үлкен жұмыстың басы ғана дейді ол. Бектеновтың айтуынша, оған қосымша тағы 150 айлық есептік көрсеткішке дейін төленеді. Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады. Сондай-ақ кәсіпкерлердің шығындары өтеледі.

 

Последние новости

23.04.2024
Сотта Бишімбаевтың телефоны әлі зерттеліп жатыр
23.04.2024
Су кеткен аймақтарда көпке созбай дезинфекция жүргізу керек — Бектенов
23.04.2024
Халыққа тоңазытқыш, үстел, орындық, ыдыс-аяқ сияқты керек-жарақ сатып алу үшін тағы 553 мың теңгеден беріледі – Бектенов
23.04.2024
Алматының бірнеше шағынауданында суық су өшіріледі
23.04.2024
«Жүк көлігінің астында қалып қойған»: Су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесемін деп көз жұмған түркістандықтың жұбайы оқиғаның мән-жайын баяндады
23.04.2024
VK Cloud запускает сервис быстрой доставки контента в Казахстане
23.04.2024
КОМПАНИЯ CARLSBERG KAZAKHSTAN ЗАВЕРШАЕТ ПРОЕКТ ПО РАСШИРЕНИЮ ПРОИЗВОДСТВЕННЫХ МОЩНОСТЕЙ И ЛОКАЛИЗАЦИИ ПРОИЗВОДСТВА БЕЗАЛКОГОЛЬНОЙ ПРОДУКЦИИ
23.04.2024
CARLSBERG KAZAKHSTAN КОМПАНИЯСЫ ӨНДІРІСТІК ҚУАТТАРДЫ КЕҢЕЙТУ ЖӘНЕ АЛКОГОЛЬСІЗ ӨНІМ ӨНДІРІСІН ЖЕРГІЛІКТЕНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОБАНЫ АЯҚТАУДА