Сотта Бишімбаевтың телефоны әлі зерттеліп жатыр

2024-04-23 10:31:06

Қазіргі уақытта процеске қатысушыларға оның галереясындағы фотосуреттерді кезек-кезек көрсетілді.

Содан кейін оның WhatsApp хат-хабарлары зерттеледі.

Судьяның айтуынша, галереяда Бишімбаевтың балаларының, оның жеке және Салтанат Нүкеновамен бірге түскен суреттері бар.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған «қинау» (110-баптың 2-бөлігі) және «аса қатігездікпен адам өлтіру» (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы «Гастро-орталық» директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша «қылмысты жасырды» деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді.

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.

 

Последние новости

23.04.2024
Су кеткен аймақтарда көпке созбай дезинфекция жүргізу керек — Бектенов
23.04.2024
Халыққа тоңазытқыш, үстел, орындық, ыдыс-аяқ сияқты керек-жарақ сатып алу үшін тағы 553 мың теңгеден беріледі – Бектенов
23.04.2024
Алматының бірнеше шағынауданында суық су өшіріледі
23.04.2024
«Жүк көлігінің астында қалып қойған»: Су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесемін деп көз жұмған түркістандықтың жұбайы оқиғаның мән-жайын баяндады
23.04.2024
VK Cloud запускает сервис быстрой доставки контента в Казахстане
23.04.2024
КОМПАНИЯ CARLSBERG KAZAKHSTAN ЗАВЕРШАЕТ ПРОЕКТ ПО РАСШИРЕНИЮ ПРОИЗВОДСТВЕННЫХ МОЩНОСТЕЙ И ЛОКАЛИЗАЦИИ ПРОИЗВОДСТВА БЕЗАЛКОГОЛЬНОЙ ПРОДУКЦИИ
23.04.2024
CARLSBERG KAZAKHSTAN КОМПАНИЯСЫ ӨНДІРІСТІК ҚУАТТАРДЫ КЕҢЕЙТУ ЖӘНЕ АЛКОГОЛЬСІЗ ӨНІМ ӨНДІРІСІН ЖЕРГІЛІКТЕНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОБАНЫ АЯҚТАУДА
23.04.2024
«Бишімбаевқа 25 жыл, Байжановқа 4 жыл»: Белгілі адвокат істің соңына болжам жасады