Халыққа тоңазытқыш, үстел, орындық, ыдыс-аяқ сияқты керек-жарақ сатып алу үшін тағы 553 мың теңгеден беріледі – Бектенов

2024-04-23 10:31:06

«Көріп отырғанымыздай, жағдай біртіндеп тұрақталып келеді. Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында қауіптің беті қайтты. Өте күрделі ахуал қалыптасқан Петропавл және Құлсары қалаларында су тартыла бастады. Үкіметте, Төтенше жағдайлар министрлігінде, өңірлерде жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істейді. Проблемалардың барлығы жергілікті жерлерде жедел қаралып, шұғыл шешімдер қабылданып жатыр. Өткен аптада залалды өтеу жұмыстары басталып кетті. Зардап шеккендерге келтірілген шығындарды өтеу тәртібіне  түзетулер бекітілді. Кеше мен тиісті қаулыға қой қойдым», — дейді Олжас Бектенов.

Оның айтуынша,қазіргі уақытта 11 мыңға жуық отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем алды.

«Бұл – үлкен жұмыстың басы ғана. Оған қосымша тағы 150 айлық есептік көрсеткішке дейін төлейміз. Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындық, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады. Сондай-ақ кәсіпкерлердің шығындары өтеледі. Азаматтарға айтатыным, сабыр сақтаныңыздар. Ешкім де көмексіз қалмайды. Бұл мәселелердің барлығы Президенттің және менің жеке бақылауымда. Сондықтан біз осы сынақтан аброймен өтеміз деп білемін. Дегенмен кейбір өңірлерде тасқын қаупі әлі сейілген жоқ», — деді ол.

 

Последние новости

23.04.2024
Алматының бірнеше шағынауданында суық су өшіріледі
23.04.2024
«Жүк көлігінің астында қалып қойған»: Су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесемін деп көз жұмған түркістандықтың жұбайы оқиғаның мән-жайын баяндады
23.04.2024
VK Cloud запускает сервис быстрой доставки контента в Казахстане
23.04.2024
КОМПАНИЯ CARLSBERG KAZAKHSTAN ЗАВЕРШАЕТ ПРОЕКТ ПО РАСШИРЕНИЮ ПРОИЗВОДСТВЕННЫХ МОЩНОСТЕЙ И ЛОКАЛИЗАЦИИ ПРОИЗВОДСТВА БЕЗАЛКОГОЛЬНОЙ ПРОДУКЦИИ
23.04.2024
CARLSBERG KAZAKHSTAN КОМПАНИЯСЫ ӨНДІРІСТІК ҚУАТТАРДЫ КЕҢЕЙТУ ЖӘНЕ АЛКОГОЛЬСІЗ ӨНІМ ӨНДІРІСІН ЖЕРГІЛІКТЕНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОБАНЫ АЯҚТАУДА
23.04.2024
«Бишімбаевқа 25 жыл, Байжановқа 4 жыл»: Белгілі адвокат істің соңына болжам жасады
23.04.2024
Жайық өзеніне келіп жатқан су деңгейінің төмендеуі байқалады – Үкімет
23.04.2024
«Таңданарлықтай сот отырысы болды»: Ресейлік журналист Ксения Собчак Бишімбаев ісі бойынша сотқа пікір білдірді