«Жүк көлігінің астында қалып қойған»: Су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесемін деп көз жұмған түркістандықтың жұбайы оқиғаның мән-жайын баяндады

2024-04-23 10:31:06

“Сол күні күйеуім Созақтан келген еді. Сөйтіп, Атырау облысына көмекке баратынын айтты. Жұмыс істейтін мекемеден жақсы деген 5 жүргізушіні іріктеген екен. Соның бірі жолдасым. Мен ол жаққа баруына бірден қарсы болдым, іштей қаламадым. Бірақ жолдасым ел-жұртқа көмек керектігін айтып, баратынын жеткізді. Сөйтіп көліктерді тиеуге Шымкентке кетті”, – дейді Сара Әлібекова.

Келіншек қаралы хабарды ең соңынан естіген. Өз жұмысымен қалаға бара жатқан оны достары тоқтатып, жағдайды жеткізіпті. Содан есеңгіреген әйел жеті баламен жесір қалғанын айтады.

“Әлі күнге дейін сене алмаймын. Бәрі түсім сияқты. Біз он жеті жыл бұрын отасқан едік. Үлкен ұлымыз он алы жаста. Ең кішкентайым екі жарым жаста. Осыдан алты ай бұрын ғана сегізінші перзентімді жер қойнына тапсырғам. Енді міне жолдасымнан айрылдым”, – дейді марқұмның келіншегі.

Сара Әлібекова азаматынан, жеті бала әкесінен, ауыл тұрғындары жақсы адамнан айрылдық дейді. Көршілерінің сөзінше Қайырбек адал еңбегімен нәпақа тауып, ел-жұртқа қол ұшын беруге дайын тұратын азамат болған.

«Ол өз көлігін тиеп болғаннан кейін қасындағы жолдастарының машинасын тиеп жатқан. Сол кезде машинаның дөңгелегі платформадан тайып кетіпті. Бұл сол сәтте кабинадан түсіп кеткен де,  астында қалып қойған. Жедел-жәрдем жетем дегенше Қайрош жан тапсырыпты”, – дейді ауыл тұрғыны Бақытжан Гусеинов.

Қапыда қаза тапқан Қайырбек Қоспановтың артында төрт ұл, үш қызы қалды. Өзі 10 жылдан бері жеке фирманың жүк көлігін айдаған.

Айта кетейік, 13 сәуірде Атырау облысындағы су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек беруге аттанғалы жатқан Қайырбек Қоспанов қайтыс болды.

 

Последние новости

23.04.2024
VK Cloud запускает сервис быстрой доставки контента в Казахстане
23.04.2024
КОМПАНИЯ CARLSBERG KAZAKHSTAN ЗАВЕРШАЕТ ПРОЕКТ ПО РАСШИРЕНИЮ ПРОИЗВОДСТВЕННЫХ МОЩНОСТЕЙ И ЛОКАЛИЗАЦИИ ПРОИЗВОДСТВА БЕЗАЛКОГОЛЬНОЙ ПРОДУКЦИИ
23.04.2024
CARLSBERG KAZAKHSTAN КОМПАНИЯСЫ ӨНДІРІСТІК ҚУАТТАРДЫ КЕҢЕЙТУ ЖӘНЕ АЛКОГОЛЬСІЗ ӨНІМ ӨНДІРІСІН ЖЕРГІЛІКТЕНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОБАНЫ АЯҚТАУДА
23.04.2024
«Бишімбаевқа 25 жыл, Байжановқа 4 жыл»: Белгілі адвокат істің соңына болжам жасады
23.04.2024
Жайық өзеніне келіп жатқан су деңгейінің төмендеуі байқалады – Үкімет
23.04.2024
«Таңданарлықтай сот отырысы болды»: Ресейлік журналист Ксения Собчак Бишімбаев ісі бойынша сотқа пікір білдірді
23.04.2024
Қазақстанда су тасқынымен күреске бөлінген қаражатты жемқорлар жымқырып үлгерген
23.04.2024
ЦИТАТА ДНЯ