"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республикамыздың бес өңірінде ауа-райының күрт сууына байланысты ескерту жарияланды.
Солтүстік Қазақстан облысында 30 желтоқсанда күн қатты аяздап, сынап бағаны 27-32 градусқа дейін төмендейді, 31 желтоқсан мен 1 қаңтарда түнде кей жерлерде аяз 30-35 градусқа дейін барады деп күтіледі.
Ақмола, Павлодар облыстарында 31 желтоқсан мен 1 қаңтарда ауа температурасы 30-35 градусқа дейін күрт төмендейді, облыстың солтүстігінде, тіпті 38 градус аяз болады деп күтіледі.
Қарағанды облысында 31 желтоқсанда ауа температурасы 25-30 градусқа дейін төмендеп, кей жерлерде 35 градус, ал 1 қаңтарда кей жерлерде 39 градус аяз болады деп болжанады.
Шығыс Қазақстан облысында 1 қаңтарда ауа температурасы 31-36 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде 39 аяз болады деп күтіледі.
Қатты борын тұру ықтималдығы 95-100% құрайды.
Қазақстанда ауа температурасы 39 градусқа дейін төмендейді
2020-12-29 16:20:13
Источник:
http://www.matritca.kz/news/85645-azastanda-aua-temperaturasy-39-gradusa-deyn-tmendeyd.html#
Последние новости
29.12.2020
Сильные морозы ожидаются в Казахстане
29.12.2020
Названы вузы-аутсайдеры в Казахстане
29.12.2020
Nur Otan партиясы Ырғыз ауданына барды
29.12.2020
К.Токаев принял спикера Сената