Nur Otan партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында 7 басым бағытты анықтады. Олар – азаматтарды толғандыратын мәселелерді шешуге бағытталған.
Осы мақсатта Nur Otan партиясы 5 инвестициялық жобаны жүзеге асыруға – 2021 жылы Ырғыз ауылында тәулігіне қуаттылығы 0,5 тонналық ет өңдеу цехын салуға, 2021 жылы Ырғыз ауылында жылына қуаттылығы 70 тонналық жылыжай салуға, 2021 жылы Нұра ауылында жылына қуаттылығы 100 тонналық балық өңдеу цехын салуға, 2022 жылы Ырғыз ауылында жылына 40 тонналық сүт өңдеу цехын салуғағ 2024-2025 жылдары Құйылыс аулында қуаттылығы жылына 5 тонналық қымыз өеңдеу цехын салуға ықпал етеді.
Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында Nur Otan партиясы «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында бизнесті несиелендіру механизмдерін пайдалануды кеңейту арқылы кәсіпкерліктің 3 жаңа нысанын ашу жоспарланады.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кемінде жыл сайын 30 грант бөлу, 2025 жылға қарай 5 жылы ішінде 158 грант бөлу жоспарлануда. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және өндіру бойынша 6 жобаны несиелендіру жоспарлануда.
Аталған шаралар 2025 жылға қарай белсенді шағын және орта бизнес нысандарының санын 870 бірлікке, шағын орта бизнесте қызмет ететіндер санын 1692 адамға жеткізуге мүмкіндік береді.
Nur Otan партиясы тұрғындардың жағдайын жағдайын жақсарту мақсатында 2021-2025 жылдары Ырғыз ауылында (ауданы 4200 ш.м. құрайтын) 60 пәтер салу, нәтижесінде 200 адам тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
Аудан тұрғындарын таза ауыз сумен және орталықтандырылған газбен қамтамасыз етуде 2021 жылы Жарма ауылында, 2022 жылы Қарақұдық, 2023 жылы Қарасай ауылдарына сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын салу, нәтижесінде аталған ауылдардың 604 тұрғыны таза ауыз сумен қамтылады.
2021 жылы Құрылыс, Ақши, Шеңбертал ауылдарының 2233 тұрғыны газбен қамтылады. Nur Otan партиясы 2023 жылы 2022 жылы Құтикөл ауылының 1106 тұрғынын, 2023 жылы Нұра ауылының 813 тұрғынын, 2024 жылы Аманкөл ауылының 606 тұрғынын газбен қамтуға ықпал етеді.
Ырғыз ауданында экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында Nur Otan партиясы алдағы бес жылда, яғни, 2023-2024 жылдары Ырғыз ауылында қатты тұрмыстық қалдық төгу полигоны құрылысын салуға, 2025 жылға дейін тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауға арналған 40 контейнер алуға, жыл сайын ауданның барлық округтерін қамтитын мың түп ағаш отырғызуға ықпал етеді.
Nur Otan партиясы аймақта заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және азаматтардың оны кеңінен қолдануға көшу мақсатында 2021-2025 жылдары Құйлыс, Жайсаңбай, Құмтоғай, Ақши, Қалыбай, Жаныс би, Шеңбертал, Жарма, Қарақұдық, аманкөл ауылдарына интернет байланысын орнатуға ықпал етеді.
Nur Otan партиясы Ырғыз ауданында медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруда 2023 жылы Нұра ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысын салуға, 2021-2025 жылдары 4 бірлік жедел-жәрдем көлігін – Ырғыз, Құмтоғай, Нұра, Құйлыс ауылдарындағы медициналық мекемелерге сатып алуға, Ырғыз орталық аудандық ауруханасына маман дәрігерлерді тартуға, онкологиялық және туберкулез ауруларына шалдыққан науқастарды амбулаториялық ақысыз дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді тұрақты бақылауда ұстауға, қатерлі ісікті ерте анықтау мақсатында ауруладың алдын алу, скринингтік зерттеулер жүргізу бойынша шаралар қабылдауға ықпал етеді.
Бұл шаралардың барлығы 2025 жылға қарай өлім-жітімді 1000 адамға шаққанда 5,8 жағдайға дейін азайтып, өмір сүру ұзақтығын 75,5 жасқа дейін ұзарту мүмкіндігін береді.
Nur Otan партиясы бұқаралық спортты дамыту үшін Ырғыз ауылында қысқы спорт түрлерін дамыту үшін 1 хоккей кортын орналастыруға, ұлттық спорт түрлерін дамытуда аула клубтарын ашуға, аудан орталығындағы «Жігер» спорт кешенін күрделі жөндеуге, 2025 жылға қарай барлық жастағы тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуын 31,4 пайыздан 35 пайызға дейін арттыруға ықпал етеді.
Nur Otan партиясы Ырғыз ауданына барды
2020-12-29 16:20:13
Источник:
http://www.matritca.kz/news/85640-nur-otan-partiyasy-atbe-oblysy-yryz-audanyna-bardy.html#
Последние новости
29.12.2020
К.Токаев принял спикера Сената
29.12.2020
Nur Otan за преобразования в медицине