Теңіз кен орнында коронавирустың туындауына оны тасымалдаушы Қытай азаматтары себеп деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды zakon.kz.
Әлеуметтік желілерде Атырау облысындағы Теңіз кен орнында коронавирустың өршуі туралы ақпарат пайда болды. Вирустың тасымалдаушысы - Қытай азаматтары деп хабарланды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұлақпаратты шындыққа жанаспайтынын айтады.
- Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Осы күнге дейін Теңіз кен орнында Қытай Халық Республикасының азаматтары мен қытайлық компаниялар тіркелген жоқ, делінген хабарламада.
Жалпы, пандемия басталғаннан бері Атырау облысында коронавирустың 11 633 жағдайы тіркелді, оның 4042 жағдайы Теңіз кен орнында анықталды. Аурудың 60% жағдайлары профилактикалық тексеру кезінде анықталды.
Теңізде вирустың таралуын болдырмау үшін жедел штаб құрылып, карантин күшейтілгені атап өтілді.
Теңіз кен орнына кіру және шығуды бақылайтын арнайы бекеттер бар. Кезекшілікке келген қызметкерлер карантиндік стационарларға 7 күн орналастырылады, содан кейін ПТР тестілеуден өтеді. Сондай-ақ, ПТР сынағы вахта шығар алдында 5 күн бұрын өткізіледі.
Құрметті қазақстандықтар! Сіздерге әлеуметтік желілердегі айқын емес ақпаратқа бой алдырмай, тек ресми ақпарат көздеріне сүйенулеріңізді сұраймыз, делінген хабарламада.
Комитеттегілер қасақана жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратынын да еске салды.
Теңіз кенішінде коронавирусты таратқан қытайлар деген ақпарат жалған
2020-12-29 12:20:16
Последние новости
29.12.2020
Әлемдегі ең үлкен бала қайтыс болды
29.12.2020
Bek air билет ақшасын қайтаратын болды