«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы, Шиелі аудандық филиалының атынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Әмір Нұрлан Әмірұлы мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті.
Кездесу де аудандық партия филиалының сайлауалды бағдарламасында ауданды дамытуды айқындайтын 7 басым бағытымен таныстырды.
Сондай-ақ ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға ерекше көңіл бөлінетіндігін айтып өтті. Шиелі кентінде инклюзивті орталық ашу және тиісті мамандармен қамтамасыз ету, мүгедек адамдарға өздерінің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, онлайн-режимде көмекші, көмекші құралдар мен әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндіктер беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізуге, әр ауылдық округте материалдық көмек көрсету пункттерін ұйымдастыру арқылы қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетуге ықпал жасалатындығын жеткізді.
Кездесу соңында алдағы сайлау науқаны кезінде белсенділік көрсетіп, қатысуға шақырды.
«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Шиелі ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.
Мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті
2020-12-28 12:20:12