26 желтоқсан күні таңертең Сарыкөл ауданында өрт шықты. Сағат 09:14-те аудан орталығынан 8 шақырымда орналасқан Островной ауылының тұрғындары қоңырау шалған. Рабочая көшесіндегі жеке екі пәтерлі үйдің шатыры жанып жатқаны анықталды, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.
Өртті сөндіру үшін Сарыкөл ауылының № 23 өрт сөндіру бекетінің жеке құрамынан 9 адам және екі автоцистерна қажет болды. Өрт сөндіруге «Урицк орман шаруашылығы басқармасы» КММ еріктілері де қатысты.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде жел үйдің төбесіндегі жалынды үдете түскен. Әрі от тек төбені ғана емес, сонымен қатар, үйдің қамыстан тұрғызылған қабырғаларына да тарап кеткен.
Нәтижесінде, жалын шамамен 100 шаршы метр аумаққа тараған. Сағат 11:01-де сөндірілгеннен кейін өртенген үйдің іші тексерілді. Көп ұзамай қираған бөлмелердің бірінде ер адамның күйік шалған денесі табылды. Ол 64 жастағы зейнеткер болып шықты. Үйдің екінші жартысы бос болып, құлыптаулы тұрғаны анықталды.
Өрттің алдын-ала себебі – төсекте шылым шегу.
Төсегінде шылым шеккен қостанайлық зейнеткер өрттен қайтыс болды
2020-12-28 08:20:16
Источник:
http://www.matritca.kz/news/85510-tsegnde-shylym-shekken-ostanayly-zeynetker-rtten-aytys-boldy.html#