Сарыағаш ауданында полицейлер карантин кезінде жұмыс істеген букмекерлік кеңсені анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаштық полицейлер рейдтік жұмыстар жүргізу барысында Жетісай-Шымкент тас жолы бойында түнгі уақытта букмекерлік кеңсенің жұмыс істеп жатқанын анықтады.
Тексеру барысында ойынхана ішінде 4-5 келуші болған. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 307-бабы (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша тіркелді.
Сондай-ақ заңға қайшы келетін заттар болуы мүмкін екені ескеріліп, ойынханадан алты процессор, екі ойын аппараты мен чек-фиксатор айғақты зат ретінде тәркіленіп алынды. Сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер ойынханаға қатысты мән-жайды толық тексеруде.
Сонымен қатар сарыағаштық полицейлер ойынхана иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің бұзылуы) хаттама толтырды.
Карантинде жұмыс істеген букмекерлік кеңсе анықталды
2020-12-25 12:20:14
Последние новости
25.12.2020
Сабина Алтынбекова вышла замуж
25.12.2020
Маңғыстауда жылқылар аштан қырылуда