Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметі бірнеше қалада заңсыз ойын бизнесімен айналысқан қылмыстық топты анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, қылмыстық топ Алматы, Шымкент, Қарағанды, Тараз және Қызылорда қалаларында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған. Қылмыстық істі тергеу шаралары қысқа уақыттың ішінде атқарылды.
Күдіктілердің арасында Германия азаматы да бар. Барлығы 7 адам жауапқа тартылып отыр. Олардың заңсыз ойын бизнесінен тапқан табысы 800 миллион теңгеден асып түскен.
Қылмыстық іс Қызылорда қаласы №2 сотының басты талқылауында қаралуда.
Қызылордада заңсыз ойын бизнесімен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
2020-12-25 12:20:13
Источник:
http://www.matritca.kz/news/85456-yzylordada-zasyz-oyyn-biznesmen-aynalysan-ylmysty-top-staldy.html#
Последние новости
25.12.2020
Маңғыстауда жылқылар аштан қырылуда
25.12.2020
Қазақстан "сары" аймаққа кірді