Қазақстан коронавирус таралу көрсеткіші бойынша "сары" аймаққа кірді. Бұған Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының деректері дәлел, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
25 желтоқсандағы жағдай бойынша, Атырау облысы "қызыл" аймақта орналасқан. "Сары" аймақта - Алматы, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары бар. Басқа өңірлер "жасыл" аймақта.
Айта кетейік, бүгінге дейін Қазақстан "жасыл" аймақта болған еді.
Қазақстан "сары" аймаққа кірді
2020-12-25 08:20:15