Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан Азия футбол қауымдастығы Тәртіпті бақылау комитеті тарапынан өзіне қатысты қандай жаза шыққанын білді. Бұл туралы журналист Айдин Қожахмет Telegram-каналында жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Отандасымыз Тәртіпті бақылау комитетінің шешімі бойынша, екі жылға футболдан шеттетілді.
Айта кетейік, Исламхан 16 қыркүйекте Азия чемпиондар лигасында "Әл-Садд" командасына қарсы кездесуден кейін допинг-сынама тапсырған. Сол сынамадан оның қанынан рұқсат етілмеген дәрумен табылған болатын.
Бауыржан Исламхан 2 жылға футболдан шеттетілді
2020-12-24 16:20:26