Тіл үйренемін деушілерге «Tilbil Jetisu» онлайн-курсы ашылды

2020-12-22 16:20:14
«Tilbil Jetisu» онлайн-курсы TilBil Online Education компаниясының Алматы облысындағы филиалы болып табылады.

Төрт жылдан бері нарықта онлайн тіл үйретуден алдыңғы қатарлы компания 40 000-нан астам қатысушыға сапалы білім беріп келе жатыр.

«Tilbil Jetisu» ұсынған онлайн-курстары арқылы сіз үш айдың ішінде қазақ, орыс, ағылшын, түрік жəне корей тілдерін жетік меңгере аласыз.

Сабақ жүйелі түрде аптасына 6 күн бойын өтіледі. Сабақтар теория және практика жүзінде арнайы білім платформасында жүргізіледі - online.tilbil.kz. Ол жерде әр сабаққа арналған видеосабақтар оқылып, тапсырмалар орындалады. Платформа 24 сағат бойы жұмыс жасайды. Одан бөлек аптасына үш рет Zoom-да сабақ өтіледі.

Курсты оқу уақыты 3 айды қамтиды. Курс мерзімі біткен соң арнайы тест тапсырып, заңды түрде тіл білетініңізді растайтын сертификат беріледі.

Қазақ тілі курстары барлық қалаушыларға Tilbil мобильді қосымшада тегін қол жетімді. Өзге тіл курстары ақылы.

Толық ақпарат алып, курсқа жазылу үшін мына нөмерге хабарласыңыз: +7 700 247 75 10.