Қырғызстан вице-премьер-министрі Эльвира Сурабалдиева Ыстықкөл облысы Жети-Огуз ауданында 16 жастағы қыздың 31 жастағы жігітке тұрмысқа шығуын анықтауды тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.
Бұның алдында адам құқықтарын қорғаушы Камил Рузиев тұрмыстағы қыздың тоғызыншы сыныпта оқитынын, оның үйленгенін мектептегілер білетінін айтқан. Олардың некесін қиған имам жұмыстан шығарылған. Ыстықкөл облысының ішкі істер басқармасы кәмелет жасқа толмаған қыздың жасы үлкен жігітке тұрмысқа шығуын тексеру мақсатында іс тіркеген.
Вице-премьер-министр Сурабалдиева Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссияға, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасымен бірлесіп, дін қызметкерлері арасында кәмелет жасқа толмағандардың некесін қиюға болмайтыны туралы түсіндіру жұмысын жүргізуге кеңес берді.
2016 жылы Жогорку Кенеш кәмелет жасқа толмағандардың некесін қиюға тыйым салатын заң қабылдады. Заң ережесін бұзғандар үш жылдан бес жылға сотталады. Қырғызстанда 18 жастан асқанда ғана неке қидыруға рұқсат берілген.
16 жастағы қызға үйленген 31 жастағы жігіт дауға қалды
2020-12-22 16:20:14
Последние новости
22.12.2020
Қорғаныс министрі: «Әскерде әлімжеттік жоқ»
22.12.2020
Айзат Молдагасимова получила новую должность