Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Заңына қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осы заңға сәйкес салықтың артық жәнеқате төленген сомасын есепке алу және қайтару бөлігінде өзгерістер енгізілді. Салықтың және бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомасын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу бойынша талап қою мерзімі нақтыланды.
Есепке жатқызуға және қайтаруға жататын бюджетке төленетін салықтың, төлемнің және өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомасының болуы расталған жағдайда, бюджетке төленетін салықтың, төлемнің және өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомасын есептеу ағымдағы жылы және талап қою мерзімі шегінде жүргізіледі. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап талап қою мерзімі үш жылды құрайды. Дегенмен, салық мониторингіне жататын және қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін талап қою мерзімі бес жылды құрайды. Артық (қате) төленген соманы есептеу үшін күнтізбелік жыл қолданылады, - делінген ақпаратта.
Мемлекеттік бажды қайтару үшін талап қою мерзімі ол төленген күннен бастап үш жылды құрайды. Заңда осы норманың 2020 жылдан бастап қолданылуы көзделген. Берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді әділет органдарына ұсыну мерзімі қысқарды.
Заңды тұлғаны тарату немесе шетелдік заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) қызметін тоқтату бойынша мемлекеттік қызметті уақытылы көрсету мақсатында, есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді әділет органдарына үш жұмыс күні ішінде ұсыну көзделген. Бұрын мұндай мәліметтер бес жұмыс күні ішінде берілетін еді. Бұл норма 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Уәкілетті мемлекеттік органдар әкімшілендіретін төлемдер бойынша артық төленген сомаларды қайтару жеңілдеді, - делінген хабарламада.
Мемлекеттік кірістер органдарында дербес шоттар жүргізілмейтін және басқа уәкілетті мемлекеттік органдар әкімшілендіретін бюджетке төленетін алымдар бойынша, тиісті уәкілетті орган берген, олардың іс-әрекеттерді жасамағанын растайтын қосымша құжаттарды ұсынбай, артық төленген соманы қайтару мүмкіндігі көзделген.
Қайтаруды электрондық базаның деректері негізінде жүзеге асыру көзделген. Бұл норма да 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің артық төленген сомасын есепке жатқызу жеңілдеді.
Салықтық берешегі болмаған кезде және салық төлеушінің электрондық байланыс арналары арқылы берілген келісімімен мемлекеттік кірістер органдары салықтың, бюджетке төленетін төлемнің артық төленген (өндіріп алынған) сомасын салық төлеушінің өтінішінсіз-ақ басқа салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша алдағы төлемдер есебіне есепке жатқыза алады. Салық төлеуші «eSalyq» мобилді қосымшасында «Салық әмиянын» толтыру барысында осындай келісімді бере алады, - делінген ақпаратта.
Бұл норма да 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Мемлекеттік қызметті оңтайландыру мақсатында салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу оннан бес жұмыс күніне дейін қысқарды.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдан бастап "eSalyq" тегін мобилді қосымшасы, электронды салық әмияны іске қосылды. Осылайша, жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер салық әмиянын толтыру арқылы балама салық төлеу мүмкіндігіне ие болды. Салық әмиянынан ақша автоматты түрде салық міндеттемелері туындаған салықтарға аударылады. Қосымшада реквизиттер мен шоттар автоматты түрде толтырылады, бұл салықтардың дұрыс түсуіне кепіл болады, - деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Төленген артық салықты қайтару электрондық база деректері негізінде жүзеге асырылады
2020-12-20 12:20:15
Последние новости
20.12.2020
Мужчина погиб при пожаре в Уральске
20.12.2020
СҚО-да елік атқан браконьерлер ұсталды