Жаңаөзенде далада табылған сәби асырап алынды. Бұл туралы Маңғыстау мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері Сара Ермұханова мәлімдеді, - деп хабарлайды TengriNews.kz.
"Асырап алушылар нәрестені бірінші рет көруге келгенде, ешқайсымыз көз жасымызды тыя алмадық. Барлығы үшін бұл тағдыршешті кездесу болды. Отбасы ұзақ уақыт бойы балалы бола алмай жүрген екен. Олар тастанды сәби туралы жаңалықтардан көріп, оны бірден бауырына басқысы келді. Қазір отбасы қамқоршы ретінде, бірақ, әдетте, қамқоршылардың көбі кейін асырап алушы ата-ана болады. Бұл тек уақытша мәселе", - деп атап өтті Ермұханова.
Еске салайық, 11 қыркүйекте Жаңаөзенде нәресте табылды. Дәрігерлер сәбидің жағдайын ауыр деп бағалаған болатын. Баланың салмағы екі келі 740 грамм болды. Ол ауруханаға 31 градус температурамен түскен.
Бір ай ішінде бала бір келіге жуық салмақ қосты, содан кейін дәрігерлер оны нәрестелер үйіне ауыстыруға шешім қабылдады.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері соңғы мәліметтер бойынша, баласын көшеде қалдырып кеткен ана табылмағанын хабарлады.
"Ешкім жасын тыя алмады": Жаңаөзенде көшеде табылған сәби асырап алынды
2020-12-20 12:20:15
Последние новости
20.12.2020
Мужчина погиб при пожаре в Уральске
20.12.2020
СҚО-да елік атқан браконьерлер ұсталды
20.12.2020
Генерал-майор пара алғаны үшін сотталды
20.12.2020
Спящий в авто мужчина обгорел в Уральске