«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Қазығұрт стансасында 2 жасар сәбидің вагон астына түсіп мерт болуына қатысты мәлімдеме таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл ата-ана үшін орны толмас қайғы. Баладан айырылудан асқан қайғы да, қасірет те жоқ. Шынымен де, 2020 жылдың 18 желтоқсанында сағат 16:35-те жүк тасымалының Шымкент бөлімшесіне қарасты Қазығұрт стансасында вагондардың астымен жүрген 2 жасар сәби ауыр жарақаттан мерт болды. Қайғылы оқиға маневр жұмыстары барысында болды. Оқиғаның барлық мән-жайын арнаулы құрылған комиссия анықтайтын болады», - делінген компания таратқан ақпаратта.
Қазығұртта 2 жасар сәби вагон астында мерт болды
2020-12-20 12:20:15
Последние новости
20.12.2020
Мужчина погиб при пожаре в Уральске
20.12.2020
СҚО-да елік атқан браконьерлер ұсталды
20.12.2020
Генерал-майор пара алғаны үшін сотталды