Нұр-Сұлтандағы жан түршігерлік өртте бес қызынан айырылған астаналықтар Евгений мен Жанымгүл Ситер ұлды болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы Facebook қолданушысы Тәңірберген Бердоңғар жазды.
"Жанымгүл жүкті болған кезде, көз тимесін деп құпияда ұстауды өтінді. Бүгін олардың үйіне қуаныш келді! Ұл дүниеге келді! Барша халық атынан құттықтап, ұлыңызға Жаратушының ықыласы тисін деп дұға етеміз! Бауы берік болсын!", - деп жазды ол.
Еске салайық, бүкіл елді дүр сілкіндірген қайғылы оқиға 2019 жылдың 4 ақпанында болған еді. Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шыққан - жекеменшік үйдің аумағындағы времянка өртенген. Салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016 және 2018 жылдары туған бес бала қаза тапқан еді.
Өртте бес қызынан айырылған астаналықтар ұлды болды
2020-12-12 08:20:13
Последние новости
12.12.2020
Гороскоп на 12 декабря
11.12.2020
Көкшетауда жол апатынан 4 адам зардап шекті