Елордада мектептер дүйсенбіден бастап карантинге жабылуы мүмкін

2020-12-11 16:20:32
Елордада мектептер дүйсенбіден бастап карантинге жабылуы мүмкін. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Прәлиева айтты, деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Күнде оқушылардың, оқытушылардың коронавирус жұқтырып жатқанын көріп отырмыз Сондықтан мектеперді карантинге жабуды жоспарлап отырмыз. Екінші тоқсанның соңына дейін барлық мектепті карантинге жауып, бәрін онлайн оқуға жібереміз. Мүмкін дүйсенбіден бастап жабуымыз мүмкін», – деді ол брифингте.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жанна Прәлиева елордада карантинді күшйетуге қатысты пікір білдірген болатын.