Батыс Қазақстан облысында бір күнде екі тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиғаның біреуі 10 желтоқсан күні Тасқала ауданы Тасқала ауылында болды.
Сағат 23.52-де Қ.Аманжолов көшесі 11-мекенжайында тұрғын үйде өрт шыққаны жөнінде хабар түскен. Өрт салдарынан тұрғын үй кіреберісінің 30 шаршы метр шатыры жанып кетті.
Өрт сөндірушілердің ұтымды іс-қимылы нәтижесінде оттың көршілес пәтерге ұласуына жол берілген жоқ. Оған қоса 1 газ баллоны шығарылып, оның жарылу қаупі жойылды.
«Тілсіз жау» бүгін сағат 01.55-те ауыздықталды.
Сол секілді кеше сағат 23.52-де Оралдағы «Любители природы» бау-бақша қауымдастығының 30-мекенжайында жеке тұрғын үй отқа оранды. Аумағы 90 шаршы метрді құраған өрт бүгін сағат 02.00-де толықтай сөндірілді.
ТЖ департаменті тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін бұлжытпай сақтау керектігін ескертеді.
Биыл жыл басынан бері облыста 588 өрт оқиғасы тіркелсе, соның 358-і тұрғын үй секторында болды. Өрттен 6 адам қаза тауып, 8-і түрлі жарақат алды. Өрттен 605 мың теңге материалдық шығын келтірілді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 8 тонна пішен мен қора-қопсы өртеніп кеткенін жазған болатынбыз.
Батыс Қазақстанда бір күнде екі тұрғын үй өртенді
2020-12-11 16:20:32
Последние новости
11.12.2020
Петропавлдағы блокбекеттер алынады
11.12.2020
Рабочие устроили забастовку в Жезказгане